Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

Құрметті ата – аналар!

«Мадагаскар» жеке балабақшасы 2020 жылдың ақпан айында ашылды. Балабақша 105 орынға жабдықталған.

Мектеп жасына дейінгі кезең өте сақтықты, қателеспеуді, сауатты тәрбиелеуді қажет ететін және бала эмоциясының нәзік кезеңі. Мектепке дейінгі бүлдіршіндер ерекше қарым-қатынастарды талап етеді. Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгiш келеді. Сондықтан, бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды. Балабақша меңгерушісі Серікова Назерке Серікқызының басшылығымен ұжым мүшелері бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасауда. Оқу-тәрбие жұмысы білім мазмұнын жаңартудың 5 саласы бойынша ұйымдастырылады.

Балабақша ұжымы жаңа бағдарламаларды енгізу жағдайына бейімделіп, көптеген жетістіктерге жетуде.

Балабақшаның материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасақталған. Музыкалық зал, демалыс, асхана, дәрігерлік қызмет түрлері толық жабдықталып қамтылған.

Атауы:

ЖК «Улжан Айдаровна», «Мадагаскар» жеке балабақшасы

Тәрбие беру тілі:

Қазақ тілі

Тип:

Жеке

Негізгі құны, айына:

3 жастан 4 жасқа дейінгі топ-30 000 теңге
4 жастан 5 жасқа дейінгі топ-30 000 теңге
5 жастан 6 жасқа дейінгі топ-30 000 теңге

Жұмыс тәртібі:

бес күндік жұмыс аптасы, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін

Кезекші топ:

07:30-дан 08:00-ге дейін, 18:00-ден 19:00-ге дейін (тегін)

Қосымша жабдықтау:

психолог кабинеті; қолдау пункті; сылап-сипау кабинеті.

Телефон:

87755272849, 8747299645

Web-сайт:

https://madagaskar.edu.kz/

Мекен-жай:

Орал қаласы, Зашаған кенті, С.Рахимова 5 орналасқан